ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

23 Мам 2023 ж.

«BabySkills Atyrau-2023»

3-24 мамырда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балаларына арналған «BabySkills Atyrau-2023» 1-ші аймақтық чемпионаты өтілді. Атырауда алғаш рет өткізіліп отырған чемпионат мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы негізгі дағдыларды  (Skills) меңгеруге бағытталған.

Чемпионат 11 құзырет бойынша өткізілді:

 

✅ Шаштаразшы;

✅ Киімді модельдеу

✅ Кондитерлік іс

✅ Визуалды мерчандайзер және терезе безендіру

✅ Бояу және сәндік жұмыс

✅ Медициналық және әлеуметтік көмек

✅ IT саласы

✅ Мейрамхана ісі

✅ Көлік жөндеу

✅ Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиешісі

✅Хореография

Чемпионатқа Атырау қаласының 27 мектепке дейінгі ұйымынан 53 тәрбиеленуші қатысты. «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері Назарбек Айя «Медициналық-әлеуметтік көмек», ал Амиров Алишер «Мейрамхана ісі» құзыреті бойынша қатысып,  ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!