24 Мау 2025 ж.
«Teacher of the Year–2025 байқауы«Teacher of the Year – 2025» байқауының қорытындысы
NNEF қоғамдық қоры жыл сайын өткізетін беделді кәсіби байқау — Teacher of the Year – 2025 нәтижелерін жариялады. Биыл байқауға қордың 7 филиалынан 112 педагог қатысып, финалға 24 үміткер өтті. Олардың ішінде мектепке дейінгі және мектептегі білім беру салаларынан теңдей педагогтар бақ сынады.
Байқау алғаш рет институционалдық мәртебеге ие болып, республикалық кәсіби шеберлік байқауларының тізіміне енді.
Әділқазылар шешімімен алты педагог жеңімпаз деп танылды. Олардың қатарында Атырау қаласындағы «Мирас» бөбекжай-бақшасының педагогтары Іңкәргүл Нурымовна Канкомова мен Айгүл Изимгалиевна Дусалиева бар.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!