ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

25 Қаз 2019 ж.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2019 жылы 24 қазанда «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Атырау қаласы бойынша филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» Республикалық бейне -дәріс және бейне - сабақтар байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар» бағыты бойынша, «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері» номинациясы бойынша «Мирас» бөбекжай - бақшасының тәрбиешілері Э. Ж. Шалтакова І орын, М. А. Изгалиева ІІІ орынға ие болды. Ал «Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері» номинациясы бойынша директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары М. М. Умбеталиева І орынға ие болды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық конкурста сәттілік тілейміз!